"Есірткі беріп, зорлаған". Ақтау прокуратурасы бес жігітке қатысты мәлімдеме жасады

243
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда жас қызды зорлап, есірткі берген 5 жігіттің ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“2024 жылғы 19 желтоқсанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жәбірленушіге қатысты жасалған қылмыс бойынша негізгі фигурантқа 20 жыл, ал оның жанындағы қылмысқа үлес қосқан төрт жігітке 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру тағайындалды. Өз кезегінде прокурор өзінің жарыссөзінде бас фигурантқа өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал басқа қатысушыларға 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған”, деп хабарлады прокуратура.

5 қаңтарда облыс прокуроры сот үкімі мен жаза мөлшеріне келіспегендіктен, сот жарыссөзінде баяндалған ұстанымға сәйкес өтінішхат енгізгені хабарланды.

"НеМолчи.КЗ"-тің әлеуметтік желісінде 2024 жылдың мамыр айында Ақтауда болған жантүршігерлік оқиғаны жариялаған еді.

14 мамыр күні түнде Ақтауда бір топ ер адам спортпен айналысып, фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген қызды көлікке күштеп отырғызып, мефедрон беріп зорлаған. Таңға дейін қызды қинап, қала берді телефоны арқылы 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Қыздың туыстары сот шешіміне қарсы шағым түсіріп, істің әділ қаралуын сұрады.

Пікірлер