"51-штат" идеясы. Трамп Канада мен АҚШ біріксе карта қандай болатынын көрсетті

355
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Канаданы 51-штатқа айналдыру туралы дау тудырған ұсыныстары аясында Канада АҚШ-қа қосылса карта қандай болатынын көрсететін екі бірдей карта жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Трамптың Truth Social әлеуметтік желісінде Канада аумағы АҚШ-тың түсімен боялған және онда "Құрама Штаттар" деген қара түсті жазу бар.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Truth Social желісінде "егер Канада мен АҚШ бірігетін болса", екі ел де пайда көретінін жазған. Қараша айының соңында ол Канададан әкелінетін импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізетінін жариялаған болатын.

Кейін Канада билігі АҚШ-тың сайланған президентінің ұсынысына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Өз пікірлерін Х әлеуметтік желісінде Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мен сыртқы істер министрі Мелани Жоли жариялады.

"Канаданың Құрама Штаттардың бір бөлігі болуына ешқандай мүмкіндігі жоқ. Екі ел де сауда мен қауіпсіздік саласындағы ең ірі серіктес болғандықтан ұтады", – деп жазды Трюдо.

Ал Жоли өз кезегінде, Трамптың бұл пікірлері Канаданы мықты ел ететін нәрселерді мүлде түсінбейтінін көрсетті деп мәлімдеді.

Пікірлер