Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer ұшағының қара жәшіктерінің деректері талданып, Қазақстанға жіберілді. Бұл туралы Globo жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, талдау авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығында (CENIPA) жүргізілді. Деректерді Бразилиядан келген үш тергеуші, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресей өкілдері талдады.
«Ақпарат оқиғаны талдауға және тергеуге жауапты қазақстандық ведомствоға жіберілді және авиациялық оқиға туралы қорытынды есепте жарияланатын болады», деп жазды басылым.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан болатын.