Аластасаңыз да адыраспан апармаңыз. Ресей соттайды

1505
Adyrna.kz Telegram
Сурет: glavagronom.ru
Сурет: glavagronom.ru

Ресей ішкі істер министрлігі қазақстандық полицейлерге жадынама жолдады. Бұл туралы 5 қаңтарда Атырау облыстық ПД айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ішкі істер министрлігінің атына Ресей Федерациясының ІІМ-нен Ресей Федерациясының аумағына кіретін Қазақстан Республикасының азаматтарының есірткі қылмысына тартылуының алдын алу мақсатында құрамында есірткі бар «адыраспан» өсімдігінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы жадынама келіп түсті»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес адыраспан құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген болатын. Бұл өсімдікті елдің мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер