Әзербайжан президенті апатқа ұшыраған ұшақ бортсеріктерін марапаттады

614
Adyrna.kz Telegram
Фото: media.az
Фото: media.az

29 желтоқсан күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Әзербайжан әуе жолдары» компаниясының Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатында жоғары кәсібилік пен ерлік танытқан адамдарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. 1-дәрежелі «Рашадат» орденінің аман қалған экипаж мүшелері Зульфугар Асадов пен Айдана Рагимлиге берілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Qafqazinfo хабарлауынша, Әзербайжанда осы орденмен марапатталғандардың жалпы саны жеті адамға жетті. Айдана Рагимли алғаш рет «Рашадат» орденін алған әйел ретінде тарихқа енді.

Айта кетсек, «Рашадат» ордені Әзербайжан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне төтенше жағдайларда адамдарды құтқаруда ерекше ерлік көрсеткені үшін, сондай-ақ өміріне нақты қауіп төнген жағдайларда қызметтік міндетін атқаруда батылдық танытқаны үшін беріледі. Баку-Грозный рейсінің экипажы өз іс-әрекеттерімен осы жоғары марапатқа лайық екенін көрсетті.

Сонымен қатар, Хёкума Әлиева Әзербайжанның ұлттық батыры атағын алған үшінші әйел болды. Бұған дейін бұл құрметті атақ қызметін атқару кезінде қаза тапқан журналист Салатын Әскерова мен медицина қызметінің аға лейтенанты Гүлтекін Әскероваға берілген болатын.

Пікірлер