Балама бағыт. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы басталды

1542
Adyrna.kz Telegram

27 желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров  Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысын салтанатты түрде ашты. Бұл туралы  мемлекет басшысының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алғашқы тас қалау рәсімі Жалал-Абад облысының Тош-Кутчу ауылында өтті. Оған Қытай мен Өзбекстанның ресми өкілдері қатысты.

Жапаров жобаны қолдағаны үшін Қытай мен Өзбекстанға алғысын білдірді. Айтуынша, темір жол Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азия, Таяу Шығыс, Түркия мен Еуропалық Одақ нарықтарына жол ашатын «Белдеу және жол»бастамасының маңызды жобасы болмақ.

Ұзындығы 450 шақырымнан асатын желіні салу жобасына дайындық 2022 жылы үш ел Қытайдың Қашғар ауданынан Өзбекстан шекарасына дейінгі бағытты келісіп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге келіскен кезде басталған еді. Жобаға $21 миллион инвестиция салынып, 100-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер