Ақтау әуежайында Әзірбайжан астанасы Бакуден ұшып келген ұшақтан ақау шықты. Бұл туралы бүгін, 30 желтоқсанда Көлік министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ұшақ штаттық режимде қонды, алайда қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы жағындағы тіреуішінде мәселе пайда болды»,—деп түсіндірді министрлік.
Әуежай мен жердегі қызметтер әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бортта жолаушылар болмаған. Қазіргі таңда Ақтау әуежайы ашық және штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшыраған еді.