СЕЙІТҚАСЫМ ӘУЕЛБЕКОВ: Аяз ата жалдау – қоқиланушылықтан туған әдет

734
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан жұрты мен француздардың әдетін салыстырамын. Француздар, көршім ғой, тұрмысын жақсы білемін.

Мысалы, үйге Аяз ата шақыру әдеті француз арасында жоқ.

18 ғасырдың бай-шонжарларында болса, болар. Бірақ осы буыннан ешкім де мал шашып, Аяз ата жалдап, жаңа жыл қарсы алмайды.

Орынсыз ақша жұмсау, босқа дүние шашу болып есептелінеді, сондықтан ол қылығымен мақтана да алмайды.

Тамыры христиандық моральдан шығатын әлеуметтік-тұрмыстық жол.

Жалпы айтсам, қазақ қоғамында, французға архаика болып көрінетін, әдеттер аз емес. Соның бірі - осы, қоқиланушылықтан туған, Аяз ата жалдау әдеті.

Мәшинеден шыққанда қол беру де жасанды көрінеді. Канн фестивалін айтпаймын. Әртістердің өз әдеті бар. Дүние көрсету де солардан шығады. Бірақ оның шартты екендігін жұрт біледі, сондықтан еліктемейді де.

Не шықса да, бізден шығады.

Ені бір метрлік бантпен мәшине орап, тарту жасаса да, жас сәби мен балаларды ертегі персонаждарындай киіндірсе де, оны жасайтын - біздің қазақ.

Seitkassym Aouelbekov

 

 

 

Пікірлер