Бакуде Ақтауда қаза болғандардың мәйітіне қайтадан сараптама жасалды

769
Adyrna.kz Telegram

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатынан қаза тапқан 21 жолаушының және экипаждың үш мүшесінің мәйіттері Бакуге жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Minval-ге сілтеме жасап.

Ақтау қаласындағы әуе апаты нәтижесінде қаза тапқан құрбандардың мәйіттері Азербайжан денсаулық сақтау министрлігінің судмедэкспертиза және патологиялық анатомия бірлестігіне тиісті сараптама жүргізу үшін жеткізілді.

Медиа мәліметтері бойынша, Ясамал аудандық патологиялық анатомия бюросында Azerbaijan Airlines ұшағының апатында қаза тапқан 13 адамның мәйіттеріне қайта сараптама жүргізілген.

Сонымен қатар, апат салдарынан қаза тапқан капитан Игорь Кшнякиннің мәйіті отбасына сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін табысталатыны белгілі болды.

Бұған дейін, ұшақ апатынан аман қалған 14 жолаушының Әзербайжанға жеткізілгені туралы жазған едік.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні AZAL әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Баку–Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 67 адам болған. Оның 62-сі жолаушы және бесеуі экипаж мүшесі. Олардың 38-і қаза тауып, 29 адам ауруханаға жеткізілді. Ұшақ экипажынан 2 адам тірі қалды.

Пікірлер