Ахмет пен Міржақыптың ауылына апаратын жол қашан жөнделеді?

1334
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ауылына апаратын жолдардың қашан жөнделетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында әкімге «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ағартушының туған жері Ахмет ауылына бұрынғы әкім жол салынады деп уәде беріп еді. Өкінішке қарай аталған жол салынған жоқ. Келер жылы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы. Арқалық-Торғай автожолынан Ахмет ауылына 120, Міржақыптың ауылына дейінгі 80 шақым жол қашан салынады?» деген сұрақ қойылды.

«2021 жылы Ахмет Байтұрсынұлының ауылына баратын жолға шамамен 27 шақырым асфальт жолы төселген еді. Ал аудан орталығынан ауылға дейін 120 шақырым алыста орналасқан. Биыл қалған 80 шақырым жолға қаражат бөлінді. Арқалық қаласындағы «Алюмин строй» компаниясы тендерді жеңіп алып, биыл жолды бастаған еді. Келесі жылы міндетті түрде бітіретін боламыз.

Ал Міржақыптың ауылына апаратын жол тас жолдан Қызбелге дейін, Қызбелден Бидайыққа дейінгі жолды салу үшін 1,5 млрд теңге қарастырылды. Биыл оның 15 шақырым жолы жөнделді, ал қалғанын келесі жылы аяқтаймыз, - деді Құмар Іргебайұлы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер