Құзырлы орган Думан Мұхамедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті

1401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/01000000-0a00-0242-f4ac-08db77e80542_w1023_r1_s-960x500.jpg?token=ffee53ff19ffe6e35a6cc10d55048c5b
Қаржылық экстремизм және Қазақстанда тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты деген айыппен 7 жылға сотталған журналист Думан Мұхамедкәрім этаппен Қызылорда облысына жіберілгені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  KursivMedia-ға сілтеп. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтың айтуынша, журналист Талдықорғандағы тергеу изоляторынан Қызылорда облысына жіберілген. Алайда жазасын нақты қай мекемеде өтейтіні туралы мәлімет ала алмай отырғанын айтады.
«№ 71 мекемеде (Талдықорған қаласының тергеу изоляторы) құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында сотталған адам (Думан Мұхамедкәрім) сот үкіміне сәйкес жазасын одан әрі өтеу үшін ҚАЖ мекемесіне жіберілді», – делінген ІІМ жауабында.
Алайда журналистің нақты қай мекемеге түскені туралы сауалға жауап келмеді. Тек оны этаппен жіберу туралы шешімге прокурор келісімі болғаны расталды.
Комментарии