Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу. Премьер ағзаға сенетінін айтты

1434
Adyrna.kz Telegram
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жиын барысында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі де көтерілді. Қостанай облысы тұрғындарының айтуынша, 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытпен сәйкес келмейтіндіктен, бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов табиғи уақыттың азаматтардың денсаулығы мен өмір сапасына оң әсері ғылыми дәлелденгенін айтты. Ол 2017 жылы Нобель сыйлығының лауреаттары адамның циркадиялық ырғағын зерттеу арқылы табиғи уақыттың маңыздылығын дәлелдегенін еске салды.

"Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі — UTC+5. Бұрын біз табиғи емес UTC+6 белдеуінде болдық. Бұл шешім кейбір адамдарға бастапқыда қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін, бірақ ағза біртіндеп бейімделеді. Егер өңірлерде қиындықтар туындаса, инфрақұрылымды жақсарту, жарықтандыруды арттыру және ыңғайлы жұмыс кестелерін енгізу арқылы мәселені шешетін боламыз," — деді Бектенов.

Сонымен қатар, зауыт ұжымдарымен кездесуде Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында еңбек жағдайларын жақсарту және жұмысшыларды қолдау шаралары талқыланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер