Алматы әкімі - Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2022 жылға қарағанда 2,2 есе көп

103
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жергілікті бюджет кірістерінің өсуі ағымдағы жылдың 11 айында 1,7 трлн теңгеден астам ( өсім 21,2% ) құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Желтоқсан айының басында мәслихатқа Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті енгізілді. Еліміздің тарихында алғаш рет 2025 жылға арналған қалалық бюджет 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе жоғары», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 458 млрд теңгеге жетті.

«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қараша айында азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттырудың басым міндетін назарда ұстау қажеттігін атап өтті. Қала бюджеті өзінің әлеуметтік бағдарлануын сақтайды, оған 2025 жылы 40% – дан астам немесе 894,3 млрд теңге, 2022 жылға қарай 1,8 есе, үлесі - 40,2%», - деп толықтырды Алматы әкімі.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтті.

Пікірлер