Ферғана қаласындағы жанармай құю станциясында газ жарылысы болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NOVA24 сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде газ жарылысы болған сәттің видеосы пайда болды.
Кадрлардан қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан газдың ағуы басталғаны көрінеді. Отын тез таралып, адамдар мен көліктерді қоршап алған. Бір мезетте отын жарылып кеткен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 13:47-де жетіп, өрт ошағын 14:02-де ауыздықтап, 14:12-де толығымен сөндірген.
Апат салдарынан бір адам қайтыс болды, төрт адам жарақат алды, тағы сегіз адам дәрігерлердің бақылауында.
Ферғана облысының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, хокимият өкілдері және жауапты министрліктер мен ведомстволар оқиға орнына шұғыл жетіп, өрттің салдарын жою жұмыстарын жүргізді.