Самарқандта 23 жастағы белгілі өзбек бьюти-блогер және косметолог Гузаля Махматкулова қайтыс болды. Бойжеткен сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Gazeta.uz-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Куәгерлерден жауап алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бас прокуратура бьюти-блогер өз еркімен терезеден секірді деп мәлімдеген. Алайда әлеуметтік желілерде оның күйеуі мен енесінің тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы ақпарат тарауда.
Айта кетсек, марқұмның қайын атасы Самарқандтың денсаулық сақтау саласында жоғары лауазым иесі болған.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз