АҚШ-тың қазіргі президенті Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея арасындағы ынтымақтастыққа қарсы әрекет ету мәселелерінде Дональд Трамп әкімшілігі үшін «жол картасына» айналуға тиісті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа меморандумды бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұл құжатты әзірлеу жазда басталған. Бірақ оның кейбір қорытындыларының құпиялығына байланысты жарияланбайды.
Меморандум төрт негізгі ұсынысты қамтиды:
АҚШ үкіметіндегі ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсарту;
Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Корея туралы ақпаратпен одақтастар арасында алмасуды жеделдету;
санкциялар мен басқа да экономикалық шараларды максималды тиімділікке жету үшін түзету;
қарсыластардың қатысуымен бір мезгілде бірнеше дағдарысты басқару мүмкіндіктерін нығайту.
АҚШ-тың жаңа президентінің инаугурациясы 20 қаңтарға жоспарланған.