Оқ атқан. Жамбылда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды

1147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo-output-19-960x500.jpeg?token=439e9f87220db32d2406adab56fc7606
Жамбыл облысында екі полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Оларды  тұтқындау барысында біреуінің оқ атқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz агенттігіне сілтеме жасап. Мәліметтерге сүйенсек, учаскелік инспектордың көмекшісі Нұрбол Қарабеков пен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Ерболат Оразбеков «Айша бибі» шекара бекетінде шетел азаматтарынан 500-ден 1000 теңгеге дейін ақша жинаған. Ресми түрде олардың лауазымдық міндеттері шекарадағы жұмыстармен байланысты емес. Бірақ олар өз өкілеттіктерін шамадан тыс пайдаланған. Нұрбол Қарабеков Жалпақтөбе ауылында жұмыс істеген, мұнда дүнген қауымдастығы өкілдері тұрады. Оның әріптесі Ерболат Оразбеков жергілікті мектептерді бақылап, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарымен айналысқан. Әріптестерінің айтуынша, екеуі де адал қызметкер ретінде танылған, ешқандай күдік тудырмаған. Күдіктілерді Антикор қызметкерлері Аса ауылында ұстады. Қарабековті жұмыс орнында қолға түсірді. Куәгерлердің айтуынша, ол әуеге оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Ал қару тез арада тәркіленген.
Комментарии