«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (ҚАБК) Алматы орталығындағы Болат Назарбаевқа тиесілі болған компаниядан тәркіленген кеңсе ғимаратын сатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz- ке сілтеме жасап.
1700 шаршы метрді құрайтын ғимарат пен 0,4 гектар жер учаскесі қаланың орталығында, Бостандық ауданында орналасқан. Ғимарат 1953 жылы салынған, ал 1997 жылы толық жөндеуден өткен. ҚАБК сайтында ол 1 549 542 736 теңгеге сатылғаны туралы ақпарат жарияланды.
Сонымен қатар, ҚАБК Астана қаласындағы Мұхамедханов көшесінде орналасқан екі қосалқы тұрғын емес ғимаратты 197 млн теңгеге сатқанын хабарлады.
Бұған дейін, ғимараттың сатылымға шығарылатыны туралы жазған едік.