Басты проблема – фильм жоқ

563

Ұлттық ойындарымыз – ұлттық қасиеттеріміздің көзі. Бірақ осы ұлттық қасиеттеріміз ғарыш ғасыры мен компьютер дәуірінде аса жоғары деңгейде насихатталып жүрген жоқ сияқты.

Бұл тұрғыдағы басты проблема – ел сүйіп көретін фильмнің (киноның) тым аздығы. Құлагер туралы фильм халық сүйіспеншілігіне айнала алмағандай. Құсбегілер мен атбегілердің ауыр еңбектері туралы фильм болса, шіркін! Түсіре білсек, ұлттық спорт түрлері айналасында да қызықты кинолар құрастыруға болады ғой.
Егер балаларымызды ұлттық намысқа, ұлттық үлгі-өнегеге, ұлттық мәдениетке сай тәрбиелеп өсіргіміз келсе, төл ойындарымыздың қыр-сыры туралы фильмдер түсірсек, артық етпес еді.


Нұрғазы Сасаев, “Алаш айнасы”

Пікірлер