“Адай” күйін рэп-термеге айналдырған әнші қамауға алынды

2569
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ARO лақап атымен танымал әнші қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құзырлы органның мәліметінше, оқиға 2 желтоқсан күні кешке болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінде "Тойота" көлігін тоқтатып, жүргізушінің есірткілік мас күйінде болғанын анықтаған.

Тергеу барысында көліктің иесі әнші ARO екені белгілі болды. Өз көлігін ағасына жүргізуге берген.

Сотта іс көлік иесіне қатысты “басқаруды мас күйіндегі адамға беру” бабы, ал жүргізуші, әншінің ағасына қатысты “көлік құралын мас күйінде басқару” бабы бойынша қаралған.

Сот екі айыпталушыны да әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Әнші Арман Сейітжаппар 15 тәулікке қамауға алынды.
Одан бөлек, 7 жылға көлік жүргізе алмайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер