Трамп АҚШ Федералдық тергеу бюросының болашақ басшысының есімін атады

1087
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының (ФБР) директоры қызметіне кеңесшісі Кэш Пательді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы New York Post-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Мен Кэшьяп 'Кэш' Пательдің Федералдық тергеу бюросының келесі директоры болатынын мақтанышпен жариялаймын", – деп жазды Трамп. Сондай-ақ ол Пательді "көрнекті заңгер" деп атап өтті.

Кэш Патель – АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы штаб бастығы, үнділік иммигранттардың ұлы. 44 жастағы Патель Трамптың алғашқы әкімшілігінде  Ұлттық барлау директорының кеңесшісі және Пентагон басшысының штаб бастығы қызметтерін атқарған.

Трамптың айтуынша, жаңа ФТБ басшысы кезінде "Америкадағы қылмыс эпидемиясына нүкте қойылады". Сондай-ақ ол Пательдің "мигранттар қылмыстық топтарын жойып, адам саудасы мен есірткі айналымы сияқты шекаралық зұлымдықтарға тоқтау салатынына" үміт артып отыр.

Енді Пательдің кандидатурасын Сенат қарастырып, бекітуі керек. Егер ол мақұлданса, Патель 2017 жылы он жыл мерзімге Трамп тағайындаған Кристофер Рэйдің орнына Федералдық тергеу бюросының басшысы лауазымын иеленеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер