Шығыс Қазақстанда жаңа әуежай салынады

1363
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-18-at-22.42.02-960x500.jpeg?token=15ca3b164f57e3f71db7c25611e08736
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жаңа әуежай салынады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қазір құрылыстың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Жаңа әуежай Зайсан қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылында салынбақ. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина мәлім етті. “Жаңа әуежайдың құрылысы өңірде туризмнің дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Жоба аясында әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар мен басқа да маңызды нысандардың салынуы жоспарланған”, - деді ол.
Комментарии