Қазақстан Қарулы Күштері жоғары жауынгерлік дайындыққа көшірілді

1187
Adyrna.kz Telegram

ҚР қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің барлық әскери басқару органдары, бөлімдері мен мекемелері жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне жеткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы министрліктің ресми хабарламасына сілтеп.

Министрліктің хабарлауынша, желтоқсан айының басында әскер бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасайды. Жеке құрам мен әскери техниканы жаттығу орындарына жеткізу үшін кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі.

Оқу-жаттығуларға байланысты өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде уақытша қозғалыс шектелуі мүмкін. Министрлік азаматтардан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қарашада премьер-министрге, құқық қорғау органдарының басшыларына және әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер