Доллар, қайда барасың? Ұлттық банк мәлімдеме жасады

1424
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Ұлттық банк доллар бағамының өсуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлттық банк мәліметінше, бірқатар фактор әсерінен теңгенің айырбас бағамы АҚШ долларына шаққанда 500 теңгеден асқан.

"Қазір биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешегі күннен бастап 2,4 пайызға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы - АҚШ доллары үшін 512,58 теңге", - деп жазылған банк хабарламасында.

Ұлттық банк сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер ететінін айтып, мәлімдеме жасады.

"АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы фактор өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2 пайызға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (28 қарашада). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0 пайызға төмендеді (28 қараша бойынша)", - деп жазылған хабарламада.

Пікірлер