100 жылдағы ең күшті боран. Сеулде жауған қар салдарынан бірнеше адам қаза тапты

1199
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru 1
Фото: dzen.ru 1

Корей елінің астанасы Сеулдің кейбір аудандарында 40 сантиметрден астам қар жауды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

The Guardian басылымының мәліметінше, Сеулде соңғы 100 жылдағы ең күшті қарлы боран болды. Осының салдарынан ондаған рейс тоқтатылып, паром қатынасы уақытша тоқтатылды. Билік кем дегенде төрт адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Қаза тапқандардың бірі гольф алаңында қардың ауырлығынан құлаған тордың астында қалып қаза тапқан, ал тағы екі адам жарақат алған. Тағы бір адам автотұрақтағы қорғаныс шатырдың құлауынан көз жұмды. Сеулдің шығысына қарай магистральда болған жол апатында тағы екі адам қайтыс болды.

Полицияның мәліметінше, Канвондо провинциясындағы магистральда 53 көліктің соқтығысуынан 11 адам жарақат алған.

Пікірлер