Коганды өлтірді деген күдікпен БАӘ-де Өзбекстанның 3 азаматы қамауға алынды

819
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

Біріккен Араб Әмірліктері билігі Молдова азаматтығын алған израильдік раввин Цви Коганды өлтірді деген күдікпен Өзбекстанның үш азаматын қамауға алды. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАӘ Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қамауға алынғандардың екеуі – 28 жаста, ал үшіншісі – 33 жаста.

Өзбекстанның ақпарат құралдары күдіктілердің аты-жөні Олимбой Давлатеров, Махмуджон Кенжабоев және Азизбек Исмоилов деп жазады. Бұл ретте БАӘ Ішкі істер министрлігі өз хабарламасында олардың аты мен әкесінің атын ғана жазған. 

Ел билігі күдіктілердің кісендегі және бетін жауып тұрған суреттерін жариялады.

7ae80c39-86d8-483e-9faf-3d533dc51ca8.webp.jpgФото: ВВС

Reuters агенттігі хабарлағандай, құқық қорғау органдары бұл адамдарға ресми айып тағылғаны туралы әлі хабарлаған жоқ.

28 жастағы ультра православ раввині Цви Коган өткен аптаның бейсенбі күні жоғалып кеткен. Оның денесі жексенбі күні табылған.

«Коган бірнеше жыл Дубайда тұрып, сол жерде азық-түлік дүкенін басқарған», - деп хабарлайды Associated Press.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Коганның жоғалуын тергеу туралы айтқанда, оны тек Молдова азаматы деп көрсеткен.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл қылмысты «антисемиттік лаңкестік әрекет» деп атады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің бірнеше мыңға жуық еврей қауымдастығының мүшелері кісі өліміне алаңдаушылық білдіріп отыр. 

BBC өзбек қызметінің редакторы Хайрулло Файздың айтуынша, күдіктілер туралы барлық ақпарат негізінен БАӘ Ішкі істер министрлігінен алынған.

БАӘ-дегі Өзбекстан елшілігі BBC сауалына кейінірек жауап беруге уәде берген, бірақ Коганды өлтірді деген күдікпен ел азаматтарының қамауға алынғаны туралы деректерді жоққа шығармаған. 

Пікірлер