Сәтқалиев сәтсіздікті мойындады ма?

165
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай өндіру көлемдері жоспарланғаннан төмен болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 73,5 миллион тоннаны құрағанын айтты.

«Биылға арналған өндіріс болжамы – 88,4 миллион тонна. Өндірістің жоспармен салыстырғанда төмендеуі Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындарында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты болып отыр. Сондай-ақ бұл жағдайға Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс жұмыстың тоқтауы мен Орынбор газ өңдеу зауытында газ алуға шектеулер әсер етті. Өндіріс деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуы да ықпал етіп отыр»,— деді ол.

Министр бұл мәселені шешу үшін жетілген кен орындарын, оның ішінде салықтық сипаттағы, өндірудің жаңа технологияларын дамытуға және енгізуге міндетті түрде қайта инвестициялау шартымен қолдау шаралары әзірленгенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2030 жылы басталатынын жазған едік.

Пікірлер