АҚШ-тан Астанаға тапсырыс берген. Поштамен есірткі алдырғандар сотталды

186
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҚМА
Сурет: ҚМА

Астананың екі тұрғыны есірткі құралдарын таратқаны үшін 8 және 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қызметтік іздестіру иті кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасынан салмағы 1 кг болатын «гашиш» есірткі затын тапты.

«Қазпошта» арқылы сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеме жеткізілген. Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат табылған.

«Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды. Сот шешімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркеліп, 57,3 кг есірткі тәркіленді.

Пікірлер