Home » Айдарлар » Ұлттық ойын » Ләңгі ойынының орны ойсырап тұр

Ләңгі ойынының орны ойсырап тұр

Бердібек Соқпақбаевтың «Ба­­лалық шаққа саяхат» ат­ты туын­дысындағы ләңгі те­бу­дің ше­бері, көршісі Елемес жай­лы ке­зінде бар бала жата-жастана оқи­­тын-ды. Сол Елеместі «ләң­­­гі тебуден осы көшенің чем­­пионы» деп әспеттейтін еді ғой. Бір қарағанда, атауы қы­­зық ойынды бүгінгі бала біл­­месе керек. ХХІ ғасырда, тех­­нологиялық өрлеу дәуірінде өмір сүріп жатқан бала біткенге бұл ойын бұтына бұтақ жа­пы­­рақтарын іліп алған тас дә­­уіріндегі жабайылардың ойы­­ны болып көрінуі де мүм­кін. Иә, айтса айтқандай-ақ, ком­­пьютеріңді «шашатын», ай­пад дей ме, айфон дей ме, бүгінгі жаһанданудың жа­лына жармасқан жастар осы техниканың құлағында ой­найтыны мәлім. Ал кішкене ба­­ла­­лардың да жиылып алып, асық атып, ләңгі теуіп жатқанын көр­­мейтін болдық бүгінде.

Оның орнына интернеттің игілігіне қа­нып, агентіңнің жілігін шағып, майын ішуге құмбылдар көп. Ал бесікте жатқан бала­ның қолында да ұялы телефон не болмаса те­ле­дидардың пульті… Мектеп жасындағы ба­­ла­лардың да көшенің шаңын шығарып, улап-шулап жатқанын көрмейсің. Үнемі ком­­пьютердің алдында тесіліп отыру, дене қи­мылының аз болуынан балалар ара­сын­да түрлі дерттердің өршіп бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағуда. Алайда… Ба­лаларды ептiлiкке, шап­шаң­дыққа, мер­ген­дiкке баулитын асық ойыны ұмытылып ба­рады. Мәселенің мәнісіне те­ре­ңірек үңіл­сек, үлкендерге барып тірелетін сы­қылды. Өйткені немересі үшін жүрген же­рінде асық жинап жүретін қарияларымыз азай­ды. Дүниенің бар сиқыры сонда ғана сияқты көрінетін алақандай темірге үңіліп отыратын немерелерге «асық ойна» деп айта алмайтыны рас енді. Кезінде «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық-бауыр жеген озар» деп ұрандаттық. Бірақ асық ойнаған азып кет­кен жоқ, доп ойнап, тозып кеткен тағы еш­кім жоқ. Қой баққанның да бағы жанып кеткені шамалы. Дегенмен пайдасы бол­маса, зияны жоқ осы ойындар замана кө­шімен шаңға көміліп көмескіленіп қалып бара жатқаны өкінішті. Асық шіркіннің ал­тын­­мен апталып, күміспен күптеліп кә­десыйға айналғаны болмаса… Бірақ оған да кү­пірлік қылмай, шүкір деуіміз керек сияқ­ты. Асық ойнағанның орнына боу­лингті құп көретіндер көп. Осылайша, ауыл­дағының аузы жұ­пар аңқымайтынын дәлелдеп жүрміз. Төрге озған ойындардың ішінде гольф те жүр. Дәлдікті, мергендікті сынай­тын мұн­дай ойындарды атам қазақ бая­ғыда-ақ шы­­­ғарып қойған. Тек оның бүгінде боса­ға­да сы­ғалап қалғаны бол­маса… Ма­ман­дар­дың айтуы бойынша, асық ойыны ба­ланың кө­­ру қабілетін жақ­сар­туға тап­­тыр­майтын ем көрінеді. Ой өрі­сін дамытуға да сеп. Одан қалса, ептілікке, есепке үй­ре­те­ді. Асықты дәл­де­генде ми тамырлары ке­ңе­­йіп, жұмысы жақ­саратын көрінеді. Қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүй­ке нүктелері оянып, ми тынығады. Жалпы, асық ойыны баланы жүйріктікке, ептілікке үй­­ретіп, көзін қырағы етеді. Бұрынғыша емес, бүгінгіше айтқанда, асық ойнаған ба­ла азбайды да, тоз­байды да, қайта оз­ба­са… Қа­зақ бала­сының онда да ауыл бала­сы­ның    асықтан кейінгі ойын – ләңгі. Қой­дың үл­­­пілдеген жүнді терісіне қор­ғасын құйып, ләң­гі етеді. Бір қарағанда, ләңгі мен доп те­бу, асық атып, шыбық міну ауыл ба­ла­сы­ның ұлттық ойыны тәрізді. Ал қа­лалық бала мұн­дай ойын түрі бар екенінен ха­барсыз, тіп­­ті атын да білмейді. Бір ғана асық ойы­ны­­ның «Үш табан», «Бiр табан», «Әй­зiк», «Ат­­пақыл», «Шы­ғу», «Құ­мар», «Та­ған», «Шең­бер», «Шiк-Бүк», «Қақ­­па­қыл», «Иiр­ме­кiл», «Же­ме­кiл», «Хан­та­­ла­пай», «Қора», «Ал­шы» де­ген түрге бө­лі­не­тінін көпшілік біле бермеуі мүм­кін. Атал­­мыш ойынды ой­на­ғанда дене мү­ше­ле­рінің барлығы қоз­ға­лысқа түседі. Ал лә­ңгі ойынында аяқ қи­мы­лы жақсара түседі. Әттең дегізерлігі, ұлт­тық ойын ре­тін­де ата-бабалар ардақ тұт­қан асық пен ләңгі бү­гінде ұмыт бола бас­тады.

Ләңгі дала ойыны ма?

Заманына қарай ойын түрі де өзгеріп отыратыны қалыпты жағдайдай қабыл­данатыны бар. Расында, бұрынғы асықтың ор­нын боулинг пен гольф басса, әзірге ләң­­гінің орнын басатын ойын түрі та­был­май тұр. Бүгінгінің балалары ләңгі ой­на­мақ тү­гіл, шыбықты ат қылып мінбейді, мен­­­сін­бейді. Ой өрісі дамып кеткен, іштен бә­рін біліп туатын бүгінгінің балалары counter strike-ты ойнағанда алдына қа­ра сал­майды. Осылайша өзімен-өзі тұ­йық­­та­лып, өзге ешкімді жақтырмайтын, сөй­леу тү­гіл, ойлау қабілеті дамымай қал­ған ұр­пақ өсіп келеді. Ал бұрынғының бал­­дары болса, ептіліктің де, сөз­уар­лық­тың да түбін түсіретін-ді. Мұның бәрі жап­пай ойын ой­нау кезінде дамитыны бел­гілі. Кезінде осы ләңгі ойынын жанын са­­лып ойнаған аға буын өкілдері соған бай­­ланысты оқу үлгерімдеріне де әсер ет­кенін жасырмайды. Балаларды бұл ойын­ға деген құмар­лық­та­рынан қайтару үшін мұғалім біткен не істемеген десеңізші. Ата-анасын ша­қыр­тып, бұрышқа тұрғызса да, қойғыза ал­маған. Тіпті «грыжа дисков» деген дертті болатынын құлақтарына құйса да, алған беттерінен қайтара ал­мап­ты. Ләңгіге деген «махаббат» балаларды ұсақ ұрлыққа да итермелесе керек. Со­йыл­ған қойдың те­рісінен оймақтай етіп ойып алып, қор­ғасыны бар заттың бәріне жау­дай тисе керек. Осылайша, өз за­ма­нында жаппай белең алған «блатной» ойын түрі бүгінгі баланың бетін бұрғыза алмай тұр. Дегенмен жоғалып барады деп жылана беруге де болмас, өткен жылы Қызыл­ор­дада ләңгі ойынынан чемпионат өтті. Оған 60 жасқа дейінгі барлық тілек біл­дірушілер қатысып, ойынның көрігін қыз­дырған болатын. Білетіндер барын салса, білмей­тін­дер үйренуге талпынып, қызығушылық танытқан. Осылайша, өшіп бара жатқан ойын түріне жаңаша өмір сыйлаған бас­та­машыл топ ләңгі ойынын па­тенттеуге де ниет білдірген болатын. Көкпар, қыз қуу, бәйге, жамбы ату сынды ұлттық ойында­ры­мыздың қатарынан ойып тұрып орын ал­маса да, ләңгінің де әжеп­теуір аты бар. Осы ойын түрін қатарға қо­сып, қазақтың қара домалақтарына қайта ұсынсақ, ұтарымыз көп болар еді. Оны үй­ретудің де қажеті жоқ. Өйткені атасы ой­наған, әкесі ойнаған. Уақыттың жоқтығын ай­тып, ызың­дай бермей, тапжылмай оты­рып те­ле­дидар қарайтын балаңызды көк жә­­шіктің алдынан жұлып алып ләңгі ұстат­са­ңыз, денсаулығына да пайда, өзіңізге де пайда.

Қарақұл ЫБЫРАЙЫМ, Оңтүстік Қазақстан облыстық офтальмология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Бүгінде балалар арасында жа­қын­нан көрушілік басым. Алыстан көру қабілеті кемшін. Мектепте парта мен тақ­таның арақашықтығы, анау айт­қан­дай, ұзақ емес екені белгілі. Ком­пью­тер­­де де азғана қашықтықтан қарау кө­­ру қабілетін нашарлатады. Көзіл­ді­рікке тәуелділердің қатары көбейіп ба­рады. Асық ойнағанда баланың көру қа­бі­летін жақсартуға мүмкіндік мол. Дене қи­мылын көп қажет ететін ойын­ның бә­рінің өсіп келе жатқан бала ағ­за­сына пайдасы көп.

Қалмұрат АЙМАХАНОВ, зейнеткер:

– Расында, бүгінде балалар ойыны адыра қалып бара жатқандай. Бұрын­дары бала біткен көшені басына көте­ріп, доп қуып, шуылдап жататын. Қазір қарасаң, үйіріліп отыра қалып сулифа дей ма, домалақ қағазды айналдырып ойнап отырады. Баланың жетілуіне ойынның оң әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе дене қимылын жетілдіретін ойындар жақсы.

 Ойын-тарих 

Айтылмаса да, жазылмаса да, дала заңындай қабылданатын қағидалар осы ойынға да қатысты. Ләңгінің шығу тарихына үңілсек, Орталық Азия елдеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болған көрінеді. Үнемі ат үстінде жүретін жауынгерлер мұны денешынықтыру ретінде ойнаса керек. Тақым мен аяқтың мықтылығын шынықтыруда таптырмайтын тәсіл де осы болған. Жауынгерлердің бұл жаттығуы кейіннен ережесі бар ойынға айналған.

 



 Гүлжан КӨШЕРОВА, 
«Алаш айнасы».
 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

«Арлан сайысы» жеңімпазары анықталды

Алматыдағы «Алматы-Арена» спорт кешенінде өткен ЖОО студенттері мен спорт клуптарының шәкірттері қатысқан (18-29 жас аралығы) ...