Алмас Алтай: Былтырғы уақытты қайтарудың қандай мәні бар?

1040
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aikyn.kz
Сурет: aikyn.kz
Біздің уақыт деген ол UTC+5, яғни, қазақ жерінің басым бөлігі жатқан белдеудегі уақыт.
Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Павлодар, Өскемен, Петропавл деген үлкен қалалар осы белдеуде жатыр.
Күллі Қазақстан халқының 76%-ы, яғни, 15 миллионнан астам адам осы белдеудің географиялық сағатымен өмір сүреді.
Бүгін Үкіметте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өткір мәлімдеме жасады.
"Кеңестік кезеңде Қазақстандағы сағат 8 рет ауысқан! Жоспар орындау кереу, соцалистік жарыс ұйымдастыру керек болды, экономикаға керек болды. Осы себептен де біз ешқашан табиғи уақытпен жүріп көрмедік. Ал, қазіргі өмір сүріп отырған уақытымыз ол географиялық уақыт, табиғи уақыт. Арнайы білімі жоқ, түсінігі шамалы адамдар ел ішіне әртүрлі әңгіме таратып, уақытты кері қайтаруға әрекет етіп жатқанын білемін. Бірақ, ол әрекет зая. Қазіргі уақыттың тиімділігін энергетика министрлігі де мақұлдап отыр, электр қуатын тұтынуда өзгеріс жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі де толық тексеру жасап, халық саулығына қалай әсер еткенін қадағалап отыр. Сондықтан, елді дүрліктіре бермей, тыныш жүру керек"- деді Шаққалиев.
Шығыс Қазақстанның шеткі аудандары, Риддер қаласы UTC+6 белдеуіне жатады, алайда, бір аудан үшін бір белдеу ұстаудың не қажеті бар?
Кеше бір шығыстың адамы Қатон-Қарағайдағы Барлық ауылының бір видеосын жіберіпті. "Күн батып бара жатыр, сағат 13:45 болды" депті.
Мен айтам: ол күн былтыр 14:45 те батты. Ал, сол бір сағаттан не өзгереді? Не істей аласың бір сағатта?
Өзгертсең біржола 5 сағатқа өзгерт, қыста 18:45 те күн бататын етіп. Болмаса, "14:45 те күн бататын болсын" деп дау шығарудың, "былтырғы уақытты қайтар" деп зар илеудің қандай мәні бар?
Өткенде Шығыс Қазақстаннан сайланғаны бар, сайланбағаны бар депутаттар мәлімдеме жасаған, "үйтеміз де бүйтеміз, уақытты кері қайтарамыз" деп... Бүгін Шаққалиевті естіді, ертең пленаркадан кейін не дер екен.
Алмас Алтай
Пікірлер