Елімізде көлік жолақтарын тарылту жоспарлануда

115
Adyrna.kz Telegram
Сурет: crusandr.livejournal.com
Сурет: crusandr.livejournal.com

Қазақстанда автомобиль жолағының ені өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы тұрғындарымен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, халық веложолақтардың көп болғанын қалайды.

«Алайда мынадай мәселе туындайды Біздің ұсынысымызға сәйкес жолдың ені 3.5 метр болуы керек. Халықаралық тәжірибе бойынша жолақ енін 2.9 метрге дейін қысқартып, қалған 0.6 метрді веложолаққа қалдыру мәселесі көтерілді. Яғни, стандартты өзгерту керек. Қазір жұмыс жүріп жатыр, біз халықаралық тәжірибені зерделедік, оның тиімді екеніне көзіміз жетті. Бұл ұсыныспен келісіп, жақында мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгіземіз»,—деді ол.

Министр жолақтардың енін қысқартса, жақында іске қосылатын автобус жолағына да, басқа көліктерге де орын қалатынын атап өтті.

«Біздің ойымыз жүзеге асса, қозғалыс реттелетін болады. Қазір Алматыда осы мүмкіндік пилоттық режимде тексерістен өтіп жатыр. Эксперимент жыл аяғында бітеді. Нәтижеге қарап, түбегейлі шешім қабылдаймыз»,—деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Пікірлер