Жалған статистиканы түбімен жою керек - Тоқаев

926
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы жалған статистиканы түбірімен жоюды тапсырды. Бұл туралы ол Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Менің тапсырмам бойынша ауыл шаруашылығындағы статистиканы бұрмалау, жалған құжат толтыру, көзбояушылық фактілерін түп-тамырымен жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде біз саланың нақты жағдайын бағамдай аламыз, экономикалық шығынға соқтыратын тиімсіз шешім қабылдамаймыз», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев субсидия бөлуді ашық ете түсу керегін де еске салды.

«Үкімет субсидия берудің ашықтығын толық қамтамасыз етіп, саланы нарықтық әдіс-тәсілдер арқылы нығайтуды қолға алуы қажет. Бұл салада стратегиялық тұрғыдан сенімді әрі мұқият ойластырылған мемлекеттік реттеу тетіктеріне көшу маңызды», - деді Президент.

Пікірлер