АҚШ-та өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Ақ үйде қазіргі президент Джо Байденмен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
Кездесу кезінде Байден келесі президентке билікті бейбіт түрде табыстауға ниетті екенін айтса, ал Трамп бұл процесс «мүмкіндігінше сәтті өткенін» жеткізді.
«Құрметті сайланған президент және бұрынғы президент Дональд, сізді құттықтаймын! Біз биліктің бейбіт түрде табысталуын қамтамасыз еткіміз келеді және сізге қажетті жағдайдың бәрін жасауға дайынбыз, — деді Байден Трампқа. — Бүгін біз осы мәселелерді талқылай аламыз. Қош келдіңіз және қайта оралуыңызбен құттықтаймын!»
Екі саясаткер қол алысып:
«Саясат – қатал дүние, ал жалпы өмір де көп жағдайда жайлы емес. Бірақ бүгін бұл күн ерекше, және мен мұны жоғары бағалаймын», — деді Трамп.
Сайлауалды науқан кезінде Трамп пен Байден бір-біріне қатты сын айтқан болатын. Соңғы рет олар маусым айында өткен дебатта кездескен еді. Сол дебаттардан кейін Байден жасына және президенттік міндеттерін атқару қабілетіне қатысты алаңдаушылықтардан кейін сайлау додасынан шығып кеткен.
Сайланған президенттің қызметтен кетіп жатқан президентпен кездесуі – американдық саяси өмірдегі ежелгі дәстүр.