Қаза тапқандар саны өсіп барады. Израиль Ливанға шабуыл жасады

1480
Adyrna.kz Telegram
Фото: rbc
Фото: rbc

Ливанда соққы салдарынан қаза тапқандар саны артып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ-та Израиль соққысынан кемінде 20 адам қаза тапқаны хабарланды.

2024 жылдың 6 қарашасында Израильдің Әскери-әуе күштері Ливанның оңтүстігінде орналасқан Барджа қаласына әуе соққысын жасады, нәтижесінде 20 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі X парақшасында жедел әрекет ету орталығының мәліметін жариялап, қираған ғимараттарды аршу мен құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін, 3 қараша күні, бір тәуліктің ішінде Израиль армиясының әрекеттері салдарынан 55 палестиналық және 71 ливандық азамат қаза тапқаны хабарланған болатын. Жаңа құрбандарды ескергенде, 2023 жылдың қазан айынан бері Ливандағы жалпы қаза тапқандар саны 2 968 адамға жетіп, жараланғандар саны 13 319 адам болды.

Айта кетейік, бір ай бұрын Израильдің Бейрут орталығына жасалған әуе шабуылынан кем дегенде алты адам қаза тапқаны айтылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер