Ердоған Газадағы жағдайға қатысты Түркі әлемін шешуші әрекеттер жасауға шақырды

998
Adyrna.kz Telegram

Анкара Газадағы жағдайға қатысты Түркі әлемін шешуші позиция қабылдауға шақырды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 11-ші Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Бішкекте сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Түркия Газадағы қатыгездік пен адамгершілікке жатпайтын қырғынды айыптайды. Түркі әлемінің елдері де бұл мәселеге қатысты шешуші позиция ұстануы керек деп санаймын», – деді Түркия президенті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Палестина жерінде, әсіресе Газада, геноцидті тоқтатуға қабілеттілігін сынап жатыр. Одан бөлек, Оңтүстік Кавказдағы жағдайды сөз еткен Ердоған Әзербайжанның шехидтердің қаны төгілуімен жеткен тарихи жеңістері бейбіт келісімге қол қою арқылы нығайтылатынына үміттенетінін атап өтті.

Президент Ердоған Түркі әлемі елдерінің болашақ даму мүмкіндіктеріне де тоқталды: «Біз бүгінге дейін көптеген қиындықтарды еңсердік, бірақ алда әлі ұзақ жол бар. Біз келесі кезеңді «Түркі әлемінің ғасыры» ету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», – деді ол.

Пікірлер