Бір адам үйінді астында қалған. Қыс басталмай қазандық жарылды

1626
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай облысында котельнаяда жарылыс болып, 1 адам зардап шекті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қостанай облысының Амангелді ауылында Мәдениет үйінің жеке тұрған котельнясында қазандық жарылып, ғимараттың құлауы орын алды. Құтқарушылар үйінділер астынан 1969 жылы туған ер адамды алып шығып, оны жедел медициналық көмек қызметіне тапсырған. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде басқа адамдар болмаған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеуде. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 2022 жылы орнатылған №2 қазандық үш екіқабатты тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды, соның ішінде сот, мұражай және Мәдениет үйін жылумен қамтамасыз етеді.

Жылу жүйесін қайта қалпына келтіру үшін бір жарым тәулік ішінде контейнерлік типтегі блочно-модульдік котельня орнатылады. Оған қоса, жылыту жүйесімен қосылған үйлерге жылуды уақытша жеткізу шаралары қарастырылған. Электр қуатында үзілістер жоқ.

Жергілікті билік 1969 жылғы ер адамның Амангелді аудандық ауруханасына жатқызылғанын және оған қажетті медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, санавиация желісі бойынша Арқалық қаласының өңірлік ауруханасына жеткізу мәселесін шешу және емдеу шараларын түзету үшін анестезиологтар бригадасы жіберілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер