ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ӨЗГЕРІСТЕР

3583
Adyrna.kz Telegram

 

Министрлік техникалық байқау орталықтарында орнатылған жабдықтарға сәйкес келетін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірледі.

Техникалық байқау орталықтарында орнатылған осы бағдарламалардың арқасында бақылау-диагностикалық құралдар арқылы көрсеткіштердің нәтижелері белгілі болады, оның қорытындысы бойынша диагностикалық карта беріледі. Қазіргі таңдағы барлық бұзылулар фотошоптар болып табылады, автомобильдің өзін ұсынбай техникалық байқауды өткізу, осы бағдарламалардың белгілі бір талаптарға сәйкес келмеуінен туындайды. Жаңа талаптарда техникалық байқау нәтижелерін қолмен енгізуді болдырмайтын барлық нюанстар көзделген. Жаңа талаптар бойынша техникалық байқауды өткізу үдерісі жақсарады, сондай-ақ оның сапасы артады.

Техникалық байқауға қатысты ҚР заңнамасындағы соңғы өзгерістерге байланысты, байқаудан өту рәсімі бұрынғыдай қалды, өзгерістер тек бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық бөлігіне ғана қатысты болды, оның мақсаты автомобильдерді тексеру сапасын және диагностикалық бақылау жабдықтарынан берілетін мәліметтердің дұрыстығын жақсарту болып табылады.

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер