Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды

941
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Қазақстан Президентін ресми шығарып салу рәсімі Орли әуежайында өтті. Ұшу алаңында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысын Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорню мен басқа да лауазымды тұлғалар шығарып салды.

Қайтқанға дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің атынан ұйымдастырылған  Елисей сарайындағы мемлекеттік қабылдауға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.

Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.

Салтанатты кеш соңында Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисінен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебренді таныстырды. Мемлекет басшысы Алексис Лебренмен бірге үстел теннисін ойнады.

Пікірлер