Қашаған мұнай-газ кен орны толық қуатпен жұмыс істеуге көшті

1587
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kmg.kz
Сурет: kmg.kz

Қашаған мұнай-газ кен орны толық қуатпен жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қашағанда жаңа кіріс газ сепараторын қосу және пайдалануға беру бойынша жөндеу жұмыстары өндірісті толық тоқтата отырып, 2024 жылғы 7-28 қазан аралығында жүргізілді. Жөндеуден кейінгі деңгейге кезең-кезеңімен шығу жоспарланып отыр. 1 қарашадағы жағдай бойынша өндіріс 80%-ға қалпына келтірілді»,—делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, енді кен орнында күн сайын 51 мың тонна көмірсутек өндірілетін болады.

Бұған дейін министрлік Қашаған газы ішкі нарыққа жіберілетінін хабарлаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер