Иранда наразылық ретінде киімін шешкен студент қыз ұсталды

425
Adyrna.kz Telegram
Фото: UGC
Фото: UGC

Тегеранда исламдық киім үлгісінің енгізілуіне наразылық ретінде киімін шешкен студент қыз ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

БАҚ хабарлауынша, ұсталған қыз соққыға жығылған. Amnesty International ұйымы оны босатуды және құқық қорғау органдарының әрекеттерін тергеуді талап етуде.

Оқиғаның куәгерлері түсірген видеолар, сенбі күні ирандық әлеуметтік желілерде, одан кейін БАҚ-та тарады. Видеолардың бірінен жалаңаш қыздың студенттік қалашықты аралап, кейін университет жанындағы тас парапетке отырып жатқанын көруге болады.

Басқа бір жазбада қарапайым киімдегі ер адамдар студент қызды көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені түсірілген. Amir Kabir Newsletter студенттік басылымының хабарлауынша, қыз хиджабты «дұрыс» кимегені үшін «Басидж» әскери құрамасының сарбаздары ескерту жасап, оның киімін жыртқаннан кейін шешінген. Ұстау кезінде қызды соққыға жығып, басын көліктің есігіне немесе бағанаға ұрған, бұл қан кетуге алып келген деп жазады басылым. Студенттің аты-жөні айтылмады.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Иран билігінен  киімді жабық киюді талап еткен қауіпсіздік қызметкерлерінің заңсыз күш қолдануына наразылық білдіру үшін шешінгеннен кейін ұсталған университет студентін дереу босатуды талап етті. «Ұстау кезінде оны ұрып-соғу және сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету айыптаулары тәуелсіз әрі бейтарап тергеуді қажет етеді», - деп атап өтті құқық қорғаушылар.

Университет өкілі ұсталған студенттің психикалық ауруы бар екенін айтып, оны клиникаға жібергендерін мәлімдеді.

Ирандағы барлық әйелдер шаштарын орамалмен жабуға және кең киім киюге міндетті. Бұл талапты бұзғандарды билік «аяусыз қудалайтыны» мәлімдеді. Оларды «ақылды камералар» арқылы анықтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта ел парламенті хиджаб кию ережелерін қатаңдататын заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл идеяны консервативті ислам дінбасыларынан тұратын Конституцияның қорғаушылар кеңесі мақұлдады.

Пікірлер