Зейнетақы жинақтары баспана сатып алуға немесе білімге жұмсалады- Тоқаевтың тапсырмасы

4522
Adyrna.kz Telegram

Тоқаев зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға үлкен мән беру қажеттігін баса айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды үкіметке тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет пен ұлттық банк біраз шаруа атқарып, зейнеатқы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет. Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Тоқаев алғашқы жолдауды жариялау кезінде.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болады.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында алғашқы Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер