Алматы қаласы Әуезов ауданында республикалық «Үздік педагог-2024» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Жарыс педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметінде жоғары жетістіктері бар педагогтерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Ұстаздардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған конкурсқа аудан мектептерінің мұғалімдері қатысып, өзара бақ сынады. Нәтижесінде 4 педагог жүлделі 1-орынды иемденіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Әуезов ауданы Білім бөлімінің басшысы Саттарова Гульнара Рахимовна және аудандық Білім бөлімінің әдіскері Ногайсарина Гульнар Жунисбековна байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Жеңімпаздарға сертификат, гүл шоқтары және кәсіподақ атынан арнайы сыйақы берілді.
Топ жарғандардың қатарында «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясының физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Анарбекова Әлия бар. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық жолда қызмет атқарып келе жатқан әріптесіміз көпшілікті өзінің кәсібилігімен тәнтті етті. Мектеп ұжымы Әлия Үсенқызын жеңісімен құттықтай отырып, байқаудың екінші кезеңінде сәттілік тілейді.
Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды. Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісі және 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.
Мәулен АЛСАЙ,
Директордың ғылыми және бейін ісі жөніндегі орынбасары