“Ресейде жүргендеймін”. Блогер жалға берілген Байқоңырдың бүгінгі бейнесін жариялады

1675
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Қазақстандық блогер Айбар Төлеубек Байқоңырға барып, қаланың тұрмысымен танысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Байқоңырға келіп, өзімді Ресей жерінде тұрғандай сезіндім», - деп жазылған блогердің видеосында.

2 күн бұрын желіге жүктелген блог 900 мыңнан астам қаралым жинап, жұртты елеңдетті. Бейнеде көшелер мен ескерткіштерде тек орыс жазуларымен ақпарат берілгенін көруге болады. Одан бөлек, блогер халықтың теңгенің орнына рубль қолданатынын көрсеткен. Қабырғаларда Қазақстан мен Ресей туы қатар ілінгенін де байқауға болады.

Айта кетейік, Байқоңыр кешені Қазақстан тарапынан Ресейге 1994 жылы жалға берілді, кейін келісім 2050 жылға дейін ұзартылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер