Тағы бір қаза. Блогердің қымбат көлігін сұрап мінген адам апатқа ұшырады

1247
Adyrna.kz Telegram

Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкердің көлігін алған 22 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 29 қазан күні Ақсай ауылындағы "Сокол" автодромында болған.

Трюк орындау кезінде 22 жастағы жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астында қалып қойғаны анықталды. Ауыр жарақат алған жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда, онда 30 қазан күні есін жимастан көз жұмыпты.

Халық алдында жүрген блогер қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірген бейнесі Tiktok желісінде тараған. Блогер Бейбіт Әлібеков өзінің Lamborghini көлігін 22 жастағы жігіттің сұрағанын айтты.

«Менен көлік сұраған Батырхан Ержан деген жігітті еске түсірейік. Мен әуелде оған бермедім. Ол көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді берген болатынмын. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде орын алған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", –  делінген Әлібековтің бейнесінде.

Бұл оқиғаға Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

«29 қазанда автодром аумағында 22 жастағы жас жігіт видеотүсірілім кезінде трюк жасап жатқанда, абайсызда 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің доңғалақтарының астына түсіп қалды. Соның салдарынан зардап шегуші аудандық ауруханаға жатқызылды, ол 30 қазанда есін жимастан қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Пікірлер