Бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елде сұйытылған мұнай газ тапшы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша әкімдіктер газды кейбір бекетке таратпай отырған көрінеді.
«Әкімдіктер ай сайын шамамен 160–170 мың тонна тапсырыс береді. Оның 130–140 мың тоннасы жоспар бойынша жеткізіледі. Қалған бөлігін резервтен аламыз. Кей өңірде тұтыну мөлшері артқаны байқалып отыр. Біз бұған газбен жүретін машина көбейгені себеп болды деп санаймыз. Министрлiк газдың көп бөлігі мұнай-химия саласына бөлiнетiнiн ескертсе де, олар автогаздан бас тартпай отыр» - деді министр.
Статистикалық мәліметтерге қарасақ, былтыр 1 қазанда Қазақстанда таза газбен жүретін және гибрид қондырғысы бар автомобиль саны 407 237 болған. Ал биыл 1 тамызда олардың саны — 428 133 болса, 1 қыркүйекте 429 788-ге жеткен. Яғни газ баллоны бар көліктер қатарына бір жылда 22 551 (5.5 %) машина кірген.
Осыдан бірнеше жыл бұрын билік жүргізушілерді экологиялық таза отын ретінде сұйытылған мұнай газына көшуге шақырған. Бірақ 2023 жылдан бастап шенділердің позициясы өзгеріп, елде газ арзан, сол үшін бағаны бензин құнымен теңестіру керек деп шықты.