Жанқош Тұраровқа тағылған айып алынып тасталды

2851
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының Полиция департаменті 29 қазанда бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты зорлау айыбы бойынша қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Әуезов ауданының полиция басқармасы боксшыға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеген болатын.

«Іс аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша зорлау фактісі расталмады. 2024 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қабылданған шешіммен Әуезов ауданының прокуратурасы келісті.

Еске сала кетейік, 21 тамызында әлеуметтік желілерде боксшы Жанкош Тұраровты әйел зорлады деп айыптағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс басталып, сараптама тағайындалғанын хабарлады. Кейін Жанқош Тұраров айыптаулар жалған екенін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер