Қарашада тағы да Путин келе жатыр

1743
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/img_8181-960x500.jpeg?token=4420d19598b0a1bfccc7e7bc2d102c10

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ақпаратты Кремль растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Кремль Путиннің Қазақстанға сапарын қараша айының соңына қарай жоспарлауы мүмкін.

«Сапарға шынымен де дайындық қызу жүріп жатыр. Болатын күнді

уақтылы хабарлаймыз», - деген Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 

Еске салсақ, Ресей президенті Касым-Жомарт Тоқаевпен соңғы рет Қазанда өткен БРИКС саммитінде кездескен. Ол кездесуге Тоқаев құрышпен қапталған ресейлік Aurus Senat көлігін мініп барды.

Комментарии