АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА ОҚИТЫН ВИКТОРИЯ

225

ҚР Конституциясы күніне орай ҚР Президенті  Қ.Тоқаевтың қатысуымен  өткен  республикалық мерекелік концертте әулиеаталық Виктория Вячеславқызы Абай Құнанбайұлының өлеңін мәнерлеп оқыды, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың  мамыр айында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қолдау тапқан ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы ақын өлеңдерінен үзінді оқу» эстафетасы бастау алған болатын. Ел назарына іліккен бұл челлендж   әлеуметтік желілерде  кеңінен етек жайды.  Айта кету керек, #Abay175 хэштегімен  танылған челленджі  Қазақстанның түкпір-түкпірінен елге танымал беделді азаматтарымыз, қоғамдық қайраткерлері, өнер адамдарының, БАҚ өкілдерінің т.б.  белсенді қатысуымен  өз жалғасын тауып жатыр. Халық назарына іліккен бұл жобадан Жамбыл облысы да қалыс қалған жоқ. Тарихи өлкеден  Қазақстан халқы ассамблеясы  атынан «Жаңғыру жолы» жастар активінің  және «Радонеж» орыс қауымы қоғамдық бірлестігінің» белсенді мүшесі Трегубова Виктория Вячеславқызы  оқ бойы оза шапты.

Виктория Вячеславқызы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың алдында Абайдың өлеңін оқығанын мақтанышпен еске алды. Сондай-ақ ол аталған іс-шараның арқасында көптеген достар тапқанын, алдағы уақытта олармен тығыз қарым-қатынаста араласып тұратынын жеткізді

– Жастар жылы – республика үшін өте жауапты кезең! Біз бәрін білеміз және біздің жастарымыздың алға басуы үшін қанша күш жұмсайтынын көріп отырмыз. Мен бір орында тұрмауға және алға жылжуға тырысамын. Конституция күніне арналған концертте өнер көрсету маған үлкен құрмет болды. Қазақстанның барлық аймақтарынан келген жастар бір сахнада жиналды. Абай шығармаларын оқу және ән айту бойынша біздің нөміріміз осы іс-шараның басты фишкасы болды. Оның себебі біздің арамызда корей, ұйғыр, молдован, неміс және орыс сынды сан түрлі этнос өкілдері болды. Сан ұлттың баласы болсақ та бізді АБАЙ біріктірді, – дейді ол.

Жерлесіміз Виктория  Абайдың «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»  атты өлеңін оқып, республика көлемінде танымалдыққа ие болды. Викторияның оқыған өлеңінің видеосы «Қоғамдық келісім» РММ және облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен  әлеуметтік желілерде жүктелген болатын.  Бейне-ролик  60 мың қаралым жинап, 1500 репост жасалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер