Талибан қозғалысының министрі Халид Ханафи әйелдерге тек ерлермен ғана емес, әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Министрдің мәлімдемесіне сәйкес, кәмелетке толған қыздарға басқа кәмелетке толған қыздардың дауыстарын естуге тыйым салынады.
2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның еріп жүруінсіз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынды. Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға болмайды. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған мекемелер жабылып, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы» заңның күші жойылды.
Еске сала кетейік, Талибан бұған дейін әйелдерге қоғамдық орындарда дауыстап сөйлеуге тыйым салған. Бұған жауап ретінде ауған әйелдері ән айта бастады — әлеуметтік желілерде наразылық пен келіспеушілік белгісі ретінде ән айтатын тренд пайда болды.