"Менің даусым әурет емес". Ауғанстандық әйелдер жаңа заңға қарсы челлендж бастады

1097
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Талибан енгізген жаңа заң Ауғанстандық әйелдердің наразылығын тудырды. Әйелдердің киінуіне, дауыстап сөйлеуіне тағы да басқа құқықтарына енгізілген шектеуге қарсылық білдірген ауған әйелдері желіде челлендж бастап, әндетіп наразылықтарын айтуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Guardian басылымына сілтеп.

Әйелдер бейнежазбаларында «Менің дауысым әурет емес», #Менің дауысыма тыйым салынған емес және «Талибанға қарсылық», "#Талибанға жол жоқ" деген сынды хэштегтер жазып қалдыруда. Бейнелерді Ауғанстанда тұратындар да, өз елінен тыс жерде жүргендер де түсіріп жүктеуде. Ауғанстандық әйелдер бейнеде өздерінің ештеңеден қорықпайтынын, әділетсіздікті құптамайтындарын, әйелдер құқығының бұзылып жатқаны туралы әндетіп жеткізеді.

«Ешқандай команда, ешқандай жүйе және ешқандай еркек ауғандық әйелдің аузын жаба алмайды» дейді видеолардың біріндегі Ауғанстандық әйел.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың соңында Ауғанстан билігі әйелдің дауысы «әурет» болып саналатындықтан жергілікті әйелдерге көпшілік алдында сөйлеуге тыйым салған болатын. БҰҰ бұл тыйымды сынға алып, тәліптер әйелдерді қоғамдық өмірден ығыстырып, оларды «үнсіз көлеңкеге» айналдыруды көздеп отыр деп атаған еді.

 

Пікірлер